Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев мәлімдеді.
Абай облысындағы орман өртіне байланысты Бородулиха ауданында төтенше жағдай жарияланады
1,595
оқылды

Абай облысындағы орман өртіне байланысты бүгін Бородулиха ауданында төтенше жағдай режимі жарияланады. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Үкімет отырысында мәлімдеді.

«25 мамырдағы жағдай бойынша орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жедел штаб құрылды. Жағдай ерекше бақылауда. От ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Орман алқабындағы өртті сөндіруге желдің екпіні су-батпақты жерлер кедергі келтіріп, ауыр техниканың қозғалуын қиындатуда. Жалын шарпыған аумақтың ауданы 3,5 мың гектар болды. Орман өртін сөндіруге 201 техника, 8 тікұшақ, бір өрт сөндіру пойызы және жеке құрамның 852 адамы жұмылдырылды. Бүгін Бородулиха ауданы бойынша төтенше жағдай режимі жарияланады»,  деді ол.

Облыс әкімінің айтуынша, елді мекендерге қауіп жоқ.

«Дегенмен сақтық үшін 277 адам өздігінен туыстарының үйлеріне эвакуацияланды. Тонау фактілерінің алдын алу үшін эвакуциялау орындарында 20 полиция қызметкері кезекшілік етуде»,  деді облыс әкімі.