Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың жаңа басшысы Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекованы ұжымына таныстырды.
Президенттікке үміткер болған Салтанат Тұрсынбекова жаңа қызметке тағайындалды
1,788
оқылды

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың жаңа басшысы Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекованы ұжымына таныстырды.

Салтанат Пархатқызы бірінші мамандығы бойынша тарихшы-қоғамтанушы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және «Құқықтану» мамандығы бойынша Мәскеу мемлекеттік заң академиясын бітірген.

20 жылдан астам мемлекеттік қызметте, оның ішінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Жоғарғы сотта және ҚР Бас прокуратурасында жұмыс істеді.

Омбудсмен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың жаңа басшысы айтарлықтай уақыт бойы құқық қорғау саласында белсенді жұмыстар атқарып келе жатқанын, оның ішінде Қазақстандағы БҰҰ құрылымдары зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің тиімді ұлттық стратегияларының бірі деп таныған «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының бастамашысы болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар адам құқықтарын қорғау саласындағы жұмысты жақсы біледі, қарапайым қызметкерден бастап басшыға дейін мемлекеттік қызметтің барлық сатыларынан өткенін атап өтті.

Қорытындылай келе, Артур Ластаев Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың жаңа басшысының әртүрлі жауапты лауазымдардағы үлкен жұмыс тәжірибесіне тағы да назар аударып, оның жоғары кәсібилігін, іскерлік және адами қасиеттерін атап өтіп, табыстар тіледі.