Депутаттардың этика мәселесіне жауап беретін Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов 7 адамнан тұратын парламенттік комиссия бұл мәселені қарағанын мәлімдеді.
Мәжіліс депутаттары Жигули Дайрабаевқа қатысты мәлімдеме жасады
2,032
оқылды

Депутаттардың этика мәселесіне жауап беретін Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов 7 адамнан тұратын парламенттік комиссия бұл мәселені қарағанын мәлімдеді.

"Бұл кісіде проблема жоқ. Бұл мәселемен мен айналыстым, комиссия қарап, ешқандай проблемасы жоқ деген қорытындыға келді. Менің түсінігімде ол өте тәжірибелі және құрметті адам. Мұндай  депутаттар мемлекетке керек", — деді ол.

Ұлдары жемқорлық ісі бойынша сотты болған депутатқа мемлекет бюджетін қаншалықты сеніп тапсыруға болады деген сауалға былай жауап берді.

"Оған толық сенуге болады", – деді Ізмұхамбетов.

Фото: t.me/mazhilis_kz