Павлодарда жоғары оқу орындарының студентінің атынан несие алған 22 жастағы облыс тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сәуір айында студентке бір танысы келіп, оның атына тауарлық несие алуды сұраған.
"Ол студенттің ұялы телефонын пайдаланып, 1 млн теңгеден астам сомаға тауарлық несие алған. Кейін банктерге төлем жасамай, мүлдем байланысқа шықпай қойған. Оның алданғанын түсінген студент полицияға арыз жазды", – деді Павлодар облысы Полиция басқармасының бастығы Ермек Әлжанов.