Құрылысы аяқталмаған ғимараттан мәйіт табылды.
Құрылысы аяқталмаған ғимараттан оқушының мәйіті табылды
2,486
оқылды

Оқыс оқиға Таразда болған. Полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірім жоғарғы қабаттан секіріп кеткен. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Almaty.tv-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті жұрт осы ғимаратта бір емес, бірнеше рет өз-өзіне қол жұмсау дерегі тіркелді деп үрейленіп отыр. Оқушының суицид жасаған белгісіз. Құзырлы органдар тергеуді бастады.

«Жасөспірімнің Қаратай Тұрысов көшесінде орналасқан құрылысы аяқталмаған ғимараттан секіргені анықталды. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігі, яғни кәмелетке толмаған адамның өз-өзіне өлтіруге дейін  жеткізу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптамалары тағайындалды. ҚР Қылмыстық процестік кодекстің 20-бабына сәйкес өзге де мән-жайлар жария етуге жатпайды,  – деді Жамбыл облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Фото: almaty.tv