Polisia.kz-тің дерегінше, Тұран аудандық Полиция басқармасына зардап шеккен әйел хабарласқан. Шақырту алғаннан кейін оқиға орнына жедел тергеу тобы барды.
Полицейлер жәбірленушімен сөйлесу барысында хабарландыру сайты арқылы ер адам хабарласып, массажист қызметіне тапсырыс бергенін анықтады.
Ол массаж бөлмесіне келіп, бірден әйелді қорқытқан. Өзінің шотына 21 мың теңге көлемінде ақша аудартып, қашып кеткен.
Факті ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі бойынша тіркеуге алынды.
Бұрын бірнеше рет сотталған 35 жастағы күдікті ұсталды. Қамауға алынды.