Ақмола облысында оқу-жаттығу кезінде 10 жасар бала көз жұмды.
Астана іргесіндегі ауылда 10 жасар бала оқу-жаттығу кезінде көз жұмды
1,507
оқылды

Оқиғаның себебі белгісіз, сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деп хабарлайды облыстық  Полиция департаменті.

"Кәмелетке толмаған баланың өлімінен кейін полиция бөлімшесі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Алдын ала анықталғандай, 10 жасар баланың Талапкер ауылындағы арнайы оқу орталығындағы оқу-жаттығу кезінде қайтыс болғаны анықталды", - деді Ақмола облысының  Полиция департаментінен.

Сондай-ақ полицейлер қазіргі уақытта оқиғаның себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалғанын, оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім шығарылатынын хабарлады.

Sputnik Қазақстан агенттігінің хабарлауынша, облыстық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Александр Высоцкий қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірген. Оның айтуынша, бала дене қыздыру жаттығуы кезінде есін жоғалтқан. Дәрігерлер бригадасы келіп, баланың қайтыс болғанын анықтаған.

"Бала жедел жәрдем келмес бұрын қайтыс болған. Кенеттен баланың жүрегі тоқтап қалған. Қызметтік тексеру жүргізілуде. Мән-жайды анықтау үшін сараптама нәтижесі керек", деді Высоцкий.