СҚО Аққайын ауданы Астрахан ауылдық округінің әкімі Руслан Қабатаев инсульт белгілерімен ауруханаға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналиске Porsche Cayenne көлігі бар екенін айтып қойған әкім инсульт белгілерімен ауруханаға түсті
4,465
оқылды

Журналист Асхат Ниязовқа сұхбат беру кезінде Руслан Қабатаевтың Porsche Cayenne көлігі бар екені анықталған. Бірнеше күннен соң Қазақстан халық партиясының СҚО бойынша төрағасы Ерғали Жұмағұлов ауыл әкімінің инсульт белгілерімен ауруханаға түскенін мәлімдеді. 

"Қазір аудан орталығындағы ауруханада, жағдайы тұрақталды. Сарапшылардың өсегі, дилетант-жалған журналистердің лас хайпы мен қазіргі жүйе тарапынан көрсетілген қысым өз Отаны үшін қам жейтін жігіттің өмірі мен денсаулығы жанында түкке тұрмайды", – деп жазды ол. 

Еске салайық, Асхат Ниязовқа сұхбат берген соң ауыл әкімі Руслан Қабатаевқа қатысты тергеу басталған. Сюжетте әкімнің сөздерінде шикілік байқалған. Ол қызметтік "Нива" көлігі үшін бюджеттік ақшаға жаңа резеңке сатып алғанын хабарлады. Бірақ журналист Асхат Ниязов көліктің ескі резеңкемен тұрғанын анықтады. Қабатаевтың Porsche Cayenne автокөлігі бар. Ол мұны әпкесімен бірге 5 миллион теңгеге сатып алғанын айтты.