Атырауда 86 айыппұлы бар көлік анықталды. Бұдан бөлек, жалған нөмір тағып алған.
Атырауда жалған нөмір таққан Мерседестің 86 айыппұлы бар екені анықталды
1,206
оқылды

27 мамыр күні Атырауда жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері «Interceptor» іздеу жүйесі арқылы Mercedes автокөлігін борышкер ретінде анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.

«Тексеріс барысында автокөліктің төленбеген 86 айыппұлы бар екені, сондай-ақ мемлекеттік белгісі жалған екені анықталды.

ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылып, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды», – деп жазды ІІМ-нен.