Эксперимент видеоға түсіріліп, ведомствоның Instagram-дағы парақшасында жарияланған.
Бейтаныс ер адам итпен серуендеп жүріп, балаларға жақындайды. Сосын оларға "итті ұстап, сипап көр" дейді. Мектеп оқушылары бұған қуана келіскен. Осылайша, ер адам әр жолы балаларды өзімен ертіп әкетіп отырған.
"Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың алдын алу мақсатында облыс прокуратурасы мектеп оқушыларының арасында әлеуметтік эксперимент жүргізді. Биыл кәмелетке толмағандарға қатысты 29 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның 15-і кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілікке қарсы.
Назар аударыңыз, осы эксперимент аясында балалардың көпшілігі бейтаныс адамның айтқан сөздеріне сеніп, оның соңынан ерген. Құрметті ата-аналар, балаларыңызға бейтаныс адамдарға сақтықпен қарауды және абай болу туралы үнемі түсіндіруді ұмытпаңыз", – деп жазды құзырлы органнан.