Алматы облысында әкесінің тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған апалы-сіңлілер полицияның қорғауына алынды, – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
28 мамыр күні 2001 жылғы Ц. есімді азамат пен 2003 жылғы азамат Ц. өтініштері бойынша Еңбекшіқазақ ауданы ПБ СДТБТ-ға ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша екі қылмыстық іс тіркелді.
Жүргізілген тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шараларымен жәбірленушілердің әкесі болып табылатын 57 жастағы күдікті Ц. есімді азамат анықталды.
Қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушылық фигурантының қатысуымен аса ауыр қылмыстар жасалған мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды.
Жәбірленуші қыздар сотқа дейінгі тергеу жүргізу кезінде полицейлердің қорғауына алынды.
Күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібімен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Тергеу барысы Облыстық полиция департаменті бастығының бақылауында.