Сегіз жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленген қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев әлі де тергеу изоляторында, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев мәлімдеді.
"Жоқ, ол (Боранбаев. - Ескерту) әлі тергеу изоляторында", – деді Аюбаев.
ҚАЖК төрағасының орынбасарының айтуынша, кәсіпкер қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне ауыстырылмаған, өйткені оның қорғаушысы үкімге апелляциялық шағым түсірген.