Алматы әуежайында шетел азаматтарынан тасымал қызметі үшін қомақты қаржы алған такси жүргізушісі бес тәулікке қамауға алынды.
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының мәліметінше, сот М-нің бұрын Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 449-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылғанын анықтады.
М. 2023 жылдың 21 мамырында Алматы халықаралық әуежай аумағында қоғамдық тәртіпті бұза отырып, Үндістан азаматы V-ға тасымалдау қызметін көрсету мақсатында оның мазасын алған.
Сот отырысында М. кінәсін мойындап, өкінетінін айтты.
«Сот М-ны кінәлі деп танып, оған 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындады»,- деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.