Кореяда Қазақстанның үш азаматы қамауға алынды

Кореяда тәртіп сақтамаған Қазақстанның үш азаматы жазалануы мүмкін.

Екі бойжеткен жүріп бара жатқан көліктің терезесінен басын шығарып, айқайлап есірген. Екі қызбен қоса көлікті тізгіндеген 40 жастағы азаматқа қатысты да тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Aikyn.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оңтүстік Кореяның ақпарат құралдары жазған хабарламада 27 және 22 жастағы  бойжеткендер Инчхон қаласында өрескел заң бұзғаны айтылған. Олар өздерінің ерсі қылығын құрбымыздың сәбилі болғанын естіп, қуанышымызды жасыра алмадық деп түсіндіріпті.

Сондай-ақ түсініктемеде «елімізде мұндай әрекетке еш жаза қарастырылмайды» деп жалған сөйлеген. Жол ережесін бұзғандарды қандай жаза күтіп тұрғаны әзірге белгісіз. 

Қазір үшеуі де қамауда отыр.