Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттен іргелес орналасқан ғимараттарға қауіп жоқ.
Өрт сөндірушілер Алмалы ауданындағы Сейфуллин даңғылы, 541-үй мекенжайына шұғыл жетті.
«Қазіргі уақытта 15 шаршы метр аумақта бос тұрған гамбургер сататын дүңгіршек ашық жалынмен өртеніп жатыр. 11 қызметкер мен 4 техника өртті сөндуге жұмылдырылды», – деді департамент өкілі.
Бұған дейін кафе өртенгені туралы хабарлаған болатынбыз.
Фото: zakon.kz