Оқушыны өз қатарласы ұрып өлтірген.
Оралдағы оқушы өлімі: қылмыстық іс қозғалды
1,408
оқылды

Батыс Қазақстан облысында жасөспірімнің өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

БҚО Полиция  департаментінің мәліметінше, қазір  Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігіне ("абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

«Қылмыстық іс бойынша әлі де сараптама жүргізіледі. Аталған бап бойынша айыпты деп танылған адам мүлкi тәркiленіп немесе онсыз, 8 жылдан 12 жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айырылады», – деп жазылған ресми хабарламада. 

Бұған дейін оқушы өз қатарласын «Дұрыстап амандаспады...» деп ұрып өлтіргені туралы хабарлаған болатынбыз.