Ота сәтті өтті.
Шымкентте дәрігерлер бір күнде екі бүйректі ауыстырды
1,851
оқылды

А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының басқарма төрағасы Болатбек Баймахановтың қолдауымен білікті дәрігерлер Түркістан облыстық орталық ауруханасында әріптестерімен тәжірибе алмасты. Бұл туралы Aikyn.kz сайты  Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тәжірибеде уролог-трансплантолог Ернұр Белгібаев, Ислам Мададов, Ельшад Набиевтер орталық аурухана дәрігерлерімен бірлесіп, халі мүшкіл 2 науқасқа бүйрек трансплантациясын жасады. Науқастар мен донорлардың денсаулығын дәрігерлер қадағалап отыр.

Бұған дейін алғаш рет жаңа туған сәбиге ота жасап, кистозды ісікті алып тастаған дәрігерлер туралы жазған болатынбыз.