Сафон ауылында каналды жылқымен кесіп өтпек болған 12 жасар бала абайсызда суға құлаған.
Құрманғазы ауданында 12 жасар бала  абайсызда суға құлап, мерт болды
1,234
оқылды

Қайғылы оқиға бүгін, яғни, 30 мамыр күні сағат 15:00-де Атырау облысы Құрманғазы ауданында болды.

Сафон ауылында каналды жылқымен кесіп өтпек болған 12 жасар бала абайсызда суға құлаған.

"Бала мал айдап жүріп, абайсызда аттан құлаған. Жедел іздестіру-құтқару жұмыстары барысында баланың денесін сағат 15:30 шамасында жергілікті тұрғындар тапқан. Марқұмның  денесі туысқандарына берілді.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінен 8 жеке құрам және 2 техника, аудандық полиция бөлімінен 1 қызметкер және 1 техника және жергілікті тұрғындар, яғни, 20 ерікті және 2 жүзу құралы жұмылдырылды", – делінген  Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметте.

Жыл басынан бері Атырау облысы бойынша су айдындарында 3 адам қаза тапқан. Оның  екеуі бала.

 Баян Жанұзақова