Бүгін – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
АЛЖИР азабы: Тұтқынға түскен әйелдерге балалар құрт лақтырған
2,332
оқылды

Қазақстанда 1997 жылдан бері осы күні құрбандарды еске алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

ХХ ғасырдағы нәубеттің анық-қанығын тарихи құжаттар негізінде зерттеу әлі де жалғасып жатыр. 

«Хабар24» арнасының дерегінше, 100 мыңнан астам адамға жала жабылды. Олардың төрттен бірі өлім жазасына кесілді. АЛЖИР мемориалды-музейінде саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы деректер бар. 

АЛЖИР-дің азабына түскен Марина Павловнаға қатысты дерек Ақмоладағы лагерьде сақталған. 

Қыстыгүні әйелдер барақ (үй) тұрғызу үшін Жалаңаш өзенінің жағасына жеткізілген екен. Сол кезде ауыл балалары тұтқындарға тас лақтырған. Әйелдер лақтырылған тастың құрт екенін кейіннен байқайды. Жалаңаш өзені бүгінде тартылып қалған. Алайда ана-әжелерінің көрген азабы ұрпағының жадында. 

8 жыл лагерь тозағын көрген Марина Биишеваның немересі Юрий Биишевтің айтуынша, атасы Молотовқа қастандық жасау мақсатында террористік ұйым құрды деген айыппен сотталған. Ал Марина Биишеваға жұбайының сол әрекетін жасырды деген жала жабылады. 

«Шаруа отбасынан шыққандықтан, әжеміздің денсаулығы мықты болған. Соның арқасында ол аман қалды. «АЛЖИР-ге қамалғандардың көбі қиындыққа шыдамай көз жұмды», – деп отыратын марқұм әжем», – деп еске алады Марина Биишеваның немересі Юрий Биишев. 

«Халық жауының әйелі» деген жаламен АЛЖИР-ге 1940-1950 жылдар аралығында Қазақстандағы лагерьлерде 10 000-нан астам әйел қаза тапты. 

Қазір мемориалды кешен аумағында орналасқан еске алу қабырғасына 7270 әйелдің есімі жазылған.

Фото: yandex.kz