Қазақстанның барлық аймағында күн жылы болады.
Маусым айының алғашқы күндері ауа райы қандай болады?
11,132
оқылды

«Қазгидромет» мамандары Қазақстанда 1-3 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Синоптиктер мәліметінше, Қазақстанның барлық аймағында күн жылы болады. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына антициклон әсер етеді.

Тек батыс облыстар мен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі деп күтіледі. Күндіз еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде термометр бағаны +36-41 градусқа дейін, шығыста +28-33 градусқа дейін, орталықта +30-39 градусқа дейін, оңтүстікте +37-43 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +30-37 градусқа дейін көтеріледі.

Фото: twitter.com