Комиссия өңірде өз деңгейінде нәтижелі жұмыс жасай алмаған екен.
Самат Мұсабаев: Маңғыстау облысында жағдайды реттеуге арналған Үкіметтік комиссия өз жұмысын көрсетпеді
894
оқылды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Самат Мұсабаев пен Еділ Жаңбыршин бүгінгі Мәжілістің жалпы отырыс жиынында Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық мәселесін шешуге арналған арнайы Үкіметтік комиссиясы құрылуын сұрап, депутаттық сауалын жолдады.

Самат Мұсабаевтың айтуынша, Үкіметтік комиссия Маңғыстау облысында қордаланған барлық мәселелерді анықтап, тиісті шешімдер қабылдауы тиіс. Сонда ғана нақты нәтижелерге қол жеткізе алатынын айтты. 

Біздің осы депутаттық сауалымызға себеп, биыл 4 сәуірде  Сіздің атыңызға №9-10-44 жолданған хаттың жауапсыз қалуы және екі ай дегенде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрінің қолымен ұсынылған жауаптың қанағаттандырмауы.  Өткен жылғы қаңтар айында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысындағы жағдайды реттеуге арналған Үкіметтік комиссия құрылған болатын. Комиссия өңірде өз деңгейінде нәтижелі жұмыс жасай алмады. Оған дәлел, Маңғыстау өңіріндегі жиі-жиі туындап отырған әлеуметтік наразылықтар.

Осыған орай, Үкімет деңгейінде Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық мәселесін шешуге арналған арнайы Үкіметтік комиссия құрылсын. Сонда Үкіметтік комиссия Маңғыстау облысында қордаланған барлық мәселелерді анықтап, тиісті шешімдер қабылдап, нақты нәтижелерге қол жеткізуі қажет, – деді депутат.