Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері 15 жастағы қыз баланың қайтыс болғанын анықтады.
Петропавлда 15 жастағы қыз 16-қабаттан секіріп көз жұмды
1,101
оқылды

Петропавлда 15 жастағы қыз бала өзіне қол салды, – деп хабарлайды polisia.kz телеграм каналы.

31 мамыр сағат 15:15-те Петропавл қаласы ПБ-нің 102 жедел арнасына Жамбыл көшесіндегі 16 қабатты тұрғын үйлердің бірінің төбесінде қыз баланың тұрғаны туралы хабарлама түседі.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері 15 жастағы қыз баланың қайтыс болғанын анықтады. Алдын ала болжам бойынша жасөспірім көп қабатты үйдің шатырынан секіріп, өзіне-өзі қол салған.

Аталған факті ҚР ҚК 105-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.