Сыртқы істер министрлігі Қазақстан аза­мат­тарының Кореяда заңды жұмыс істеуі мәселесіне баса мән береді. Ведомство аталған елдің «Еңбекке рұқсат беру жүйе­сінің» тізіміне Қазақстанның қосылуына мүдделі.
Кореяда жұмыс істеу заңмен реттеле ме?
796
оқылды

Бұл мәселе  Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Оң­түс­тік Корея Республикасының сыртқы істер министрі Пак Жинмен кездесуінде талқыланды.  

«Кездесу барысында Оңтүстік Корея Респуб­ликасының сыртқы істер министрі Пак Жин мырзамен мемлекетаралық байланыстың маңызын ескеріп, екі ел азаматтарының еңбек және көші-қон құқықтарын қамтамасыз ету мәселесін ортаға сал­дық», – деді М. Нұртілеу.

Ведомство басшысының мәлімдеуінше, Оңтүс­тік Кореямен саяси диалог, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық өрі­сін кеңейту – маңызды міндет.