Парламент Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп, Ғалиасқар Сарыбаев, Алишер Сат­валдиев және Амангелді Толамисов Сая­си қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбан­дарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде болды.
Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды
1,001
оқылды

Сенаторлар саяси қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандарына арналған ескерткіш қабырғаға гүл шоғын қойып, оларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Сенатор Нұртөре Жүсіп кешенге келушілермен әңгіме барысында 31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі, миллиондаған адамның өмірін қиған жаппай саяси қуғын-сүргін мен жан түршігерлік ашаршылықты еске алу күні екенін атап өтті. Мыңдаған құрбанды еске алу үшін елімізде көптеген шара өтуде, мұражайларда көрмелер ашылды, мемориалдарға гүл қойылды, жаңа дерек­тер жарияланды.

«Елімізде өткен ғасырдың 30-жылдарында болған саяси қуғын-сүргін мен ашаршылықтан зардап шеккен миллиондаған қазақстандықтың есте сақтау мәселесіне ерекше мән беріліп отыр. Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баста­масымен еліміз тарихының осы кезеңін зерде­леу және тарихи әділеттілікті қалпына келтіру жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Президенттің тапсыр­масы бойынша Сенатта бірнеше жыл бұрын ақпарат жинау және ашаршылық кезеңінің деректі хро­ника­сы жинағын шығару жұмыстары басталған болатын. Қоғам мен өскелең ұрпақтың бейбіт өмір сүрудің құндылығын түсіну және мұндай оқи­ғалардың қайталануына ешқашан жол бермеуі үшін осының бәрі аса маңызды», – деді Нұртөре Жүсіп.