Мемлекет басшысы Жазу­шылар одағының төра­ғасы Мереке Құлкеновті қабылдады.
Жазушылар одағының төрағасын қабылдады
964
оқылды

Кездесуде ел бірлігін нығайту, қоғамдық құндылықтарды дә­ріптеу ісінде қаламгер қауым­ның атқаратын рөлі қарасты­рылды.

Мемлекет басшысы Жазу­шылар одағы ұлттық интеллиген­цияның басын қосып отырған қара шаңырақ екенін айта келіп, ақын-жазушылардың халық әдебиетін ұрпақтан-ұрпаққа жет­кізіп, қоғамның бірлігін нығай­тудағы еңбегі зор екеніне назар аударды.

Президенттің пікірінше, бү­гінгі уақыт талабы басқа. Оқыр­ман­ның талғамы, қоғамның құн­дылығы – барлығы өзгеріп келеді. Сондықтан шығарма­шы­лық ортаның жұмысы да бүгінгі заман талабына сай болуы керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ әдебиетінде қазіргі оқырман тал­ғамына сай, іздеп жүріп оқитын қызық туындылар жа­зылуы керек екеніне айрықша тоқталды. Со­ны­мен қатар жас ақын-жазу­шылардың шы­ғар­ма­шы­лығына ерекше назар аудару қажет екенін атап өтіп, мемлекет тарапынан қаламгерлерді қолдау шаралары жалғаса беретінін айтты.

Мереке Құлкенов Прези­дентке Жазушылар одағының жуыр­да өткен съезінде талқылан­ған маңызды ұсыныстар мен ұйым­ның алдағы жоспары жө­нінде баяндады.

Атап айтқанда, Жазушылар одағының төрағасы Президентке «Мәдениет туралы» заңға қазақ жазушыларының шығармаларын басып шығаруға және кеңінен таратуға септігін тигізетін арнау­лы нормалар енгізу жөнінде ұсыныс айтты.

Сондай-ақ қаламгерлерге жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқаны үшін Президентке риза­шылығын білдірді.