Кредит берген банк қарызды төлеуді талап етеді.
Заңгер қайтыс болған адамның несиесін кім төлеуі тиіс екенін айтты
11,185
оқылды

Қайтыс болған адамның төленбеген несиесі болса, банк төлеуді талап етеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Otyrar.kz-тің дерегінше, қайтыс болған адамның мұрагері болса, қарызды мұрагер төлейді. Заңгер Венера Нұрғалиқызының айтуынша, Азаматтық кодекстің 1081-бабына сәйкес, қайтыс болған адамның банк алдында берешек қарызы болған жағдайда, мұрагерлер мұраны қабылдап алған соң банк алдындағы төлемді мұрагерлер төлейді. 

Ал егер қайтыс болған адамның атында ешқандай жылжитын, жылжымайтын мүлік болмаса және банк пен қайтыс болған адамның арасындағы келісімшартта несиені сақтандыру бойынша тармақтар қарастырылса, демек несиені сақтандыру компаниялары төлеуі тиіс.

«Ескерер жайт, негізі несиенің кепілмен және кепілсіз деген түрлері бар. Банктен кепілсіз несие алған адамның зейнетақы қоры жеткілікті болса, онда несие кейбір банктерде сақтандырылмайды. Керісінше, зейнетақы қоры жеткіліксіз болған жағдайда сақтандыру міндетті түрде жүргізіледі», – деді заңгер.

Бұған дейін Әскердегі сарбаздар несиені уақытша төлемейтіні туралы хабарлаған болатынбыз. 

Фото: mail.ru