Қазақстанның түкпір-түкпірінен, Қытай мен Моңғолиядан 70 ақын қатысты.
Қарағандыда «Қасіретті КарЛаг» республикалық жыр мүшәйрасы өтті
630
оқылды

Қарағанды облыстық өлкетану мұражайында Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен Жазушылар одағының Қарағанды облысы филиалының бірлесе ұйымдастыруымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Қасіретті КарЛаг» атты республикалық жыр мүшәйрасының қорытындысы жарияланды.

Мүшәйра мақсаты – өткенге салауат айтып, тарихтың ақтаңдақтарына бүгінгі көзқараспен әділ бағасын беру, өлең-жыр арқылы тарихымызды насихаттап, қасіретті жылдарға ел назарын аударту. КарЛаг – жалғыз қазақтың емес, жарты әлемнің қасіреті.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен, Қытай мен Моңғолиядан 70 ақын қатысты.

Мүшәйраға «Абай» атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері Серік Ақсұңқар, Ғалым Жайлыбай, филология ғылымдарының докторлары Қойлыбай Асанов пен Жансая Жарылғапов және Жазушылар одағы Қарағанды облыстық филиалының директоры Жанат Жаңқашұлы қазылық жасады.

Мүшәйраның жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Мүшәйра қорытындысы бойынша, Мирас Асан (Астана) бірінші орын, Ұмтыл Зарыққан (Астана) екінші орын, Кеңесбай Нұрбек  (Павлодар) үшінші орын иегері атанды.

Ал Назгүл Бердіқожа (Қызылорда) арнайы жүлде және Олжас Қасым, Батырлан Сағынтай, Ерік Нарын, Дмитрий Пхенда, Сезім Мергенбай ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ