Екі күн жұмыстан алып қайтқан.
«Мәйіті екі күн көлікте жатқан» – әкімдікте жұмыс істеген әйелді өлтірген адам сотталды
1,828
оқылды

Ақтөбеде облыстық әкімдікте жұмыс істейтін әйелді пышақтап өлтірген күдіктіге сот үкімі шықты. 29 жастағы азамат кінәсін мойындап, қанды қылмысқа қалай барғанын жасырмай айтып берген. Соны ескерген сот бүгін оған 11 жыл жаза кесті. Бұл туралы Aikyn.kz КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қылмыс осыдан үш ай бұрын болған. 46 жастағы әйелмен сотталушы бойдақпын деп танысыпты. Осылайша екі күн қатарынан жұмысынан күтіп алып кездеседі. Ақырғы кездесуінде марқұм көңілдесінің отбасылы екенін ұялы телефонындағы суреттерден біліп қалған. 

Осыған ашуланған 29 жастағы жігіт тартпада жатқан пышағын алып, нақсүйерін 35 рет пышақтаған. Мәйітті жүк салғышқа салып алып екі күн бойы жүрген. Ауыр қылмысқа әйелінен көңілдесін жасыру үшін барғанын айтты. Сотталушы 11 жыл жаза кесілгенде жылап та жіберді. Ал марқұмның туыстары айуандықпен адам өлтірген қылмыскерге бұл жеңіл жаза деп отыр.

«Бұл жерде жәбірленушіні азаптап, қинау ешқандай іс материалдарымен дәленденбеді. Іс бойынша қарап отырсақ, ол кісі бірден өлтіру ойына келіп, сол жерде өлтіріп тастаған. 35 жерден пышақтаған», – деді судья.

Бұған дейін Ақтөбеде әкімдікте істейтін әйелдің мәйіті екі күн жүксалғышта жатқаны белгілі болған еді.