Концерт барысында бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге ән мен биден шашу шашты.
«AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен «Аялы алақан» атты қайырымдылық шарасы өтті
908
оқылды

Күні кеше қаламыздағы «Ертіс концерт» концерт залында «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «AMANAT» партиясының Өскемен қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектеріне арналған «Аялы алақан» қайырымдылық концертін өтті.

Концерт барысында бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп көрермендерге ән мен биден шашу шашты. 

«Өзге қалалар мен аудандарға сапар шеккен балалар ерекеше әсерге бөленеді. Табиғаты тамылжыған көрікті жерлерді көріп бір қуанады. Жаңа ортамен танысып, сол ортаның қолдауын сезініп және бір шаттыққа бөленеді. Меніңше, «Үміт» үйіндегі балалардың жұлдыздай жарқырап жүруі кейбір ата-аналарға ой салуы тиіс. Біздің жұмысымыздың, яғни партиялық жобаның бір қыры осы деп ойлаймын», – дейді «AMANAT» партиясы Өскемен қалалық филиалының төрағасы Арайлым Есимбекова.

Балалар үйінің бірқатар түлектері қаланың жоғары оқу орындары мен колледждерінде гранттық оқыту сертификаттарына ие болды. Атап айтқанда, 3 білім грантын Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, 2 білім грантын Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан университеті, 2 білім грантын Қазақстан-Америка еркін университеті және бір-бір білім грантын Абай атындағы гуманитарлық колледжмен политекникалық колледж ұсынды.

«Үміт» бабалар үйінің балаларына қолдау танытып, осындай ауқымды шараны ұйымдастырған «AMANAT» партиясына және өзгеде ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз. Біз өз тарапымыздан балалардың жақсы тәрбие мен алаңсыз біліп алуына барынша мүмкіндік жасаудамыз» – деді «Үміт» бабалар үйінің директоры Майра Бейсеқанова.

Сондай-ақ, «YaYa Park» ойын-сауық орталығы жүз кішкентай тәрбиеленушіге күні бойы тегін ойнауды ұйымдастырды.