Қостанайда күзде Ресей және Қазақстанның өңіраралық форумы өтеді.
Қостанайда Путинді қарсы алуға 11 миллиард теңге бөлінген
1,285
оқылды

Қостанай билігі Ресей президенті Владимир Путинді күтіп алуға дайындалып жатыр, – деп хабарлады 1612info.

Қостанайда күзде Ресей және Қазақстанның өңіраралық форумы өтеді. Оған Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келеді деп күтілуде. Бұл шараға қалада дайындық басталып кеткен. Көшелерге асфальт төселіп, ағаштар отырғызылып жатыр. Басты шаруалар алда күтіп тұр.

Қостанай әкімдігі өңіраралық форумға 11 миллиард теңге бөлгені айтылған. Бұл қаражатқа субұрқақтар жаңартылып, салынады, көше жарығы жаңартылады, Башқұртстаннан әкелінетін ағаштар отырызылады, тас төсеуіштер ауыстырылады, мәрмәр сауыттар орнатылады. Бұл жұмыстар қаланың барлық жерінде емес, Ресей делегациясы өтетін жерлерде жүргізіледі.

Фото: ВКонтакте