Түркістан облысында танысын балталап өлтірген ер адам 9 жылға сотталды

Сотталушы кінәсін толық мойындады

Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

 

Оқиға биылғы жылдың наурыз айында болған. Ішімдік ішкен екі тұрғынның іс-әрекеті адам өлімімен аяқталды.

Күдікті ұйықтап жатқанда балта ұстап келген жәбірленуші оны соққыға жығып, ағаш сабымен қылқындырған.

Содан күдікті қолына ілінген қайшыны жәбірленушінің қолына тығып, балтаны күштеп тартып алған.

Қарсыласының бас тұсынан балтаның жүзімен бірнеше рет соққы жасайды. Ауыр дәрежелі дене жарақатынан жәбірленуші сол жерде мерт болған.

«Сотталушы кінәсін толық мойындады. Сот үкімімен сотталушыға ҚР ҚК 99 бабы 1-бөлігімен 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу белгілеген. Үкім заңды күшіне енген жоқ» - делінген Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.