Мемлекет басшысы Шарль Мишельмен кездесті

«Орталық Азия – Еуропалық одақ» сам­миті аясында Мемлекет басшысы Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишельмен кездесу өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельге іл­ти­пат білдіре отырып, Қазақстан Еуропалық одақ­пен стратегиялық серіктестікке баса мән беретінін атап өтті. Еліміздің Еуропалық одақпен жасаған Кеңей­тілген серіктестік және ынтымақтастық тура­лы келісімі берік қарым-қатынастардың жаңа ке­зеңіне жол ашты. Бүгінде Еуроодақ – Қазақ­стан­ның жетекші сауда серіктесі және эконо­мика­мыз­дың ең ірі инвесторы. 

Өз кезегінде Шарль Мишель Еуроодақ пен Қа­зақ­стан арасындағы ынтымақтастықтың қар­қын­ды дамып келе жатқанын жоғары бағалап, өза­ра қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін бір­лесе жұмыс істеу керек екенін атап өтті.

Сондай-ақ олар жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.