Халықаралық балалар күнінде Астанадағы ма­ман­дандырылған балалар үйі қос мерекені қатар атап өтті. Бұл күні ата-ана­лары­ның қам­­қорлығынсыз қал­ған­дар­ға пана болып келе жат­қан балалар үйінің құ­­рыл­­­ға­­ны­на 90 жыл толды.
Сәбидің бәрі  бақытқа лайықты
1,419
оқылды

Шара барысында балалар үйінің тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің қатысуымен «Бала күлкісі – әлемнің көркі» мерекелік театрландырылған қойылымы көрсетілді. Сондай-ақ 1 жасқа толған қос бүлдір­шіннің тұсауы кесілді.

Негізінен Астана қаласы әкімдігінің мамандандырылған балалар үйі 1933 жылы ашылған. Мұнда туғаннан бастап төрт жасқа дейінгі жетім балаларға, ақыл-ой және дене дамуында кемістігі барлар, (Даун син­дромы, церебралды сал ауруы, аутизм спектрінің бұзылуы, сөйлеу дамуының кешігуі бар ба­лаларға) кешенді медици­налық көмек көрсетіледі. 

Шараның ашылу сал­тана­тында мамандандырылған ба­лалар үйінің басшысы Татьяна Цечоева арнайы құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде орталық басшысы мұнда тәрбиеленген балалар және олардың тәрбие­шілері жайында сөз қозғады. 

Жыл басынан бері балалар үйінен 146 бала шығарылды. Олардың ішінде 8 баланы асы­рап алса, 17 бала қамқоршы­лыққа берілді. 36 бала от­басыларына қайтарылды. 

Мерекелік шарада бүлдір­шіндерге арнап, саяхатшы Дара секілді қойылымдар  көр­сетілді. Балалар қонақтарға мерекелік концерт қойып берді. Шараға Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден, Астана қаласы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орын­басары Тимур Мұратов қатысып, құттықтау сөз сөй­леді. Балаларға сыйлықтар сыйлады. 

 Кувейттің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Омар Ахмедж Мұхаммед Мурад Әл-Кандари мырза жұбайымен балалар үйінің егіз тәрбие­ле­ну­шісінің тұсауын кесті. Сонымен қатар «АMANAT» пар­тиясының Астана қаласын­дағы «Өркениет» бастауыш партия ұйымының жетекшісі Мария Мухтарова да жылы лебізін білдіріп, құт­тық­тады. Белгілі эстрада әншісі Қара­қат Әбілдина әннен шашу шашты