Еуропаның 15 елінен кел­ген 20 қазақ ұйымы алқалы жиын өткізді. Еуропа қазақ­тарының жыл сайын­ғы дәс­түрі бойынша кіші құрылтайы биыл 26-28 мамыр аралы­ғында Гер­манияның Кёльн қаласында өтті.
Германиядағы қазақ құрылтайы
1,248
оқылды

Үш күнге со­зылған атаулы ша­ра­да Еуропа және Қазақстаннан кел­ген 2 мыңнан астам қа­зақ бас қос­ты. 

Алқалы жиынға Қазақстан Пре­зи­дентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Еу­ропаның 15 елінен келген 20-дан ас­там қазақ ұйы­мының жетекшілері, «Отан­­дастар қорының» президенті Аб­зал Сапарбекұлы, Қарағанды облысы Қар­қаралы ауданының әкімі Ерлан Құ­сайынов және Аустрия, Бельгия, Гер­мания, се­кілді елдердегі қазақ диаспора­сы­ның өкілдері мен Қазақстан­ның Гер­маниядағы елшілігінің қызметкерлері қа­тысты. «Отан­дастар қоры» құрылтайды ұйым­­дастыруға қолдау көрсетті. Кёльн­дегі Қазақ мәдени орталы­ғының төрайы­мы Сәдия Сүрер жетекшілік етті. Құрыл­тай­да Қазақстан Президентінің кеңес­шісі Мәлік Отарбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық ықы­ласын жет­кізіп, елі­міздегі саяси рефор­ма­лардың жай-күйін айтып берді. «Алды­мен ел Пре­зиденті Қ.Тоқаевтың сіздерге деген зор ықыласы мен ыстық сәлемін жет­кіз­гім келеді. Мем­лекет басшысы Германия елінде басталған бүгінгі құрыл­тайға сәт­тілік тілеп, арнайы құт­тық­тауын жолда­ды. Шетелде жү­р­сеңіздер де, ұлттық құн­ды­лық­тарымызды сақтау үшін бар мүм­­кіндіктеріңізді сарп етіп, жұмыс істеп жатырсыздар. Біз мұны өте жоғары ба­ға­­­лаймыз. Біз үнемі сіздерге тілеу­лес­піз. Әр­кез қолдау көрсетуге дайын­быз», – де­ді Мәлік Отарбаев өз сөзінде. Сонымен қатар жиынның жыл­дағы басқосудан ерек­шелігі – жергілікті қандастары­мыз­бен бірге Еуропада білім алып, кәсіппен ай­налысып жүрген отан­дастарымыз да бой көрсетті. Бұны­мен қоса, елімізден та­рихи Отанына қо­ныс аударған бұрын­ғы қандастарымыз – ал­ма­ниялық не­міс­тер де қатысты. Құрыл­тай­да диас­пора өкіл­дерімен, еуро­палық қа­зақ жас­­тарымен кездесу, кітаптың тұ­сау­ке­сері, ұлттық нақыштағы киімдер мен қо­лөнер бұйым­дарының жәрмең­ке­сі, Абай үйінің ашылу салтанаты, этно­фо­то көрмелер, түрлі спорт­тық жарыс өтті. Атаулы шара Қа­зақстаннан барған бел­гілі өнер жұлдыз­дарының ән ша­шуы­мен қорытындыланды.