Аутизм деген сөзге үрейлене қараймыз. Бірақ күн сайын гаджеттің алдында телміріп отыруды қалыпты жағдай санап, смартфонсыз бір сағат қалудан қорқамыз. Ғалымдар ми қызметі бұзылуының жаңа, әлі зерттелмеген түрін «цифрлы аутизм» деп баға берген.
«Цифрлы аутизм»: Шынайы өмірден алыстап кеткендер
1,440
оқылды

Яғни, компьютер, гаджетте тәулігіне 4 сағаттан артық отыратын балалар мен ересектердің бойында аутизмге ұқсас белгілер пайда болады.

Технологияның қарыштап да­муы­мен бірге қолданысы­мыз­ға түрлі тер­мин енуде. Мәселен, но­мо­фо­бия де­ген ұғым бар. Бұл адам­дар­дың бай­ла­ныссыз қалудан қорқуы. Үйде смар­тфонын ұмытып кеткен адам осын­дай мазасыздықты бастан ке­шеді. Бұл термин 2008 жылы пайда бо­лып, 2018 жылы Кембридж сөзді­гі­не енген. Ал әлеуметтік желідегі ақ­­­­параттардан ха­барсыз қалудан қор­қатындар – фо­мофобияға ұшыра­ған­дар. Бұл термин де 2013 жылы ресми түр­де Оксфорд сөз­дігіне енген. Мұн­дай психологиялық дерт­ке душар бол­ғандар әлеуметтік же­лі қол­дану­шы­ларының жылы сөзі мен жағымды пі­кіріне мұқтаж. Ға­лым­дар бұл ахуал ту­ралы «ХХІ ғасырдағы ең ауыр тәуел­ді­ліктің бірі болуы мүм­кін» деген бол­жам жасаған. Тіпті, оны пси­хикалық ауыт­қу ретінде диагнос­ти­калық ем­деуге тіркеуді ұсынған. Осылайша, ме­­­дициналық терминдер­дің ресми ті­зіміне кірмесе де, қоғамда «циф­рлы ау­тизм» дерті белең алып ба­рады. Әсіре­се, бүлдіршіндердің циф­р­лы ау­тизмге шалдығуы көп кездеседі. 

– Цифрлы аутизм балалардың бір жа­­рым жасынан бастап дами бастай­ды. Бұл мәселені айтып дабыл қағып жүр­генімізге біраз болды. Әдетте сә­билер ты­ныш отырмаса, ата-аналар мазасын алмау үшін қолына планшет ұс­татып, тамақ береді. Цифрлы ау­тизмнің алғашқы кезеңі де осы кезде бас­талады. Бұл өте қауіпті. Өйткені та­мақ ішіп отырған баланың жұт­қын­шағы ішкі ағзалармен байланысты. Телефон қа­рап отырып тамақ ішкен ба­ланың же­ген тамақтарын ми қа­был­дамайды. Әдет­те адамның миы не жеп отырға­нын, қалай жеу керегін ба­­­қылап, ағза­ларға сигнал беріп оты­рады. Ал бұл жағдайда мидың ақ­па­ратты қабылдау функциясы бұзы­ла­ды. Ми тек план­шет­ке қарап отыру­ды қабылдайды. Кейін бала планшет­сіз тамақ жей ал­май қалады. Цифрлы ау­тизммен ауы­ра­тын балалар смарт­фон­ға қарамаса тамақ жей алмайтын дең­гейге жетеді, – дейді психолог Ли­мана Қойшиева. 

Оның айтуынша, бала тамақ іше­тін кезде планшетті іздесе, те­ледидар көріп отырып тамақ ішкісі кел­се, ұйықтар алдында телефонды жиі ­пайдаланса, сырттағы адамдардың эмо­­цияларын түсінбесе, бұл – цифр­лы ау­тизмнің белгілері. Бала планшет ар­қылы ғана әлемді қабылдайды. Сон­дық­тан ата-аналар балаларымен шы­найы өмірде қарым-қатынас жа­сай ал­май қалады. 

– Аутизмнің түрі көп. Цифрлы ау­­­тизм соңғы 10 жылдықта пайда бол­ды. – Те­лефонға телмірген баланың миы, сөй­леу, ойлау қабілеттері те­же­леді. 

Бұл – неврологиялық дерт. Бала ту­ғаннан кейін қалыптасқан ауру. Жыл өткен сайын аутизмнің бұл түрі бе­лең алып барады. Мамандар да тап­шы. Пси­хо­логтер осы дертпен қалай жұ­мыс істеу ке­рек екенін білмейді. Көп орта­лық циф­рлы аутизмді емдей­тін ма­ман­дар іздейді. Ал ондай ма­ман­дардың дең­гейі төмен, барлығы­ның қолда­на­тыны бір­дей технология. Ал осы дертке шал­дық­қан бір баламен жұ­мыс істеу ар­найы орталықтарда айы­на 250 мың тең­ге тұрады, – дейді пси­холог. 

Дәрігерлер дабыл қағады

Жақында француз дәрігерлері бір ай бойы гаджеттерден бас тартқан кейбір балалар аутизм бел­гі­лерінен айыққанын анықтады. АҚШ-тың Педиатрия академиясы екі жасқа толмаған балаларды гаджет­тер­ге тіпті жолатпауға, одан үлкендерін екі сағат­пен шектеуге нұсқау берді. Ре­сейлік пси­хотерапевтер де вир­туал­ды кеңіс­тікте өмір сүретін балаларда «цифрлы аутизм» пайда болатынын анықтаған. Мұн­дай адамдар кәдімгі қарым-қаты­настан біртіндеп қаша бас­тайды. Дерт­ті асқындырмау үшін ата-аналардың өздері телефондарын тас­тап, балалары­мен әңгімелесіп, ой­науы керек екен. Бір сөзбен айтқанда, көңіл бөлгені аб­зал. Балалар невро­па­тологі Констан­тин Пушкаревтың ай­туынша, цифрлық аутизмнің дамуы сөй­леу қалыптас­қан­нан кейін бас­та­лады және ішекпен тікелей бай­ла­ныс­ты.

– Бұл дерттің пайда болғанына 10 жыл да болған жоқ. Ол муль­ти­ме­дия­лық плазмалар, планшеттер мен те­ле­фондар пайда болған кезде дами бас­тады. Балалар қалыпты дамымаған кез­­де біз неврологтер неврологиялық ке­­рі кету деп атаймыз. Егер «клас­си­ка­лық» аутизмнің туа біткен алғы­шарт­тары болса, цифрлы аутизм өсе ке­ле кө­рініс табады, – дейді Констан­тин Пушкарев.

Цифрлы аутизмнің термині ме­­­дицинаға әлі тіркелмеген­дік­тен, сәйкесінше ресми диагнозы да жоқ. Бірақ сәбидің тілі тым кеш шы­ғатын болса, атын атап шақыр­ған­да естімегендей мәңгіріп отырса, ба­ла­лар­мен тіл табысып ойнай алмаса, яки се­бепсіз ашулануы – осы кеселдің басы. Мұндай балалардың қандай да бір ойынға, іске деген қызығу­шы­лық­тары да шектеулі болып келмек. Ол ба­лаларға міндетті түрде невропатолог, ло­гопед, дефектолог мамандардың кө­мегі қажет.

– Баланың тілі шықпай, ой-өрісі әл­­­­­­деқайда артта қалса – бұл да циф­р­­лы аутизмнің белгілеріне жатады. Аутиз­м­ді қарапайым тілмен түсіндірсек – ол ми қыз­меті дамуының бұзылуы. Ми де­ген дами беру керек, кейде демен­ция­ға ұшы­рамау үшін үлкен адамның өзі­не миыңызды дамыта беріңіз дейміз. Сол сияқты бір жастан асқан ба­ла енді жан-жақ­ты дамуға аяқ басар шағында біз план­шет пен гаджет бере­міз де баланың өз қолымен ұстап, із­деп дамуына ке­дер­гі келтіреміз, – дей­ді невропатолог. 

Жалпы, аутизмнің 98 түрі бар. Бірақ аутизм дәрі ішіп ем­де­ле­­тін ауру емес. Цифрлы аутизмды да ем­деудің нақты тәсілдері жоқ. Тек бұл дерт­­­тің алдын алуға болады. Мысалы, Еу­­ропада цифрлы аутизмге шалдық­қан баласымен ата-аналар тек смарт­фон­­да сөйлеседі. Гаджетте баласымен бірге түрлі ойын ойнап, жақындай тү­се­ді. Бел­гілі бір уақыт өткенде ғана вир­туал­ды әлемнен оралып, бала­ла­рын сыртта фут­бол ойнауға шақыра­ды. Бірақ бала­ның өмірінен смарт­фон­ның үлесін азайту көп еңбекті та­лап етеді. 

Арнайы бағдарлама қабылдау керек

Бұл  біздің қоғамның ғана емес, бү­кіл әлемнің бас ауыртып отыр­ған мәселесі. Айталық, сенаторлар жа­қында «цифрлы аутизм» мәселесіне алаң­дап, Премьер-Министрдің орын­басары Алтай Көлгіновтің атына де­пу­таттық сауал жолдады.  

– 2022 жылы Алматыда 50 мың бала дүниеге келген. Солардың арасында ша­ла туған нәрестелердің 400-ге жуы­ғынан ретинопатия жағдайы – көздің тор қабығының дамымауы анықталған. Есту қабілеті бұзылған 44 сәби тір­кел­ген. Дүниежүзілік Денсаулық сақ­тау ұйымының мәліметіне қарасақ, әрбір жаңа туған баланың 68-і аутикалық спектр ауытқушылығы бар, бұл көр­сет­кіш жылына 13 пайызға өсіп отыр. Ға­­лымдардың айтуынша, аутизм – «ХХ ға­сырдың обасы». Ал цифрлық ау­тизм – ХХІ ғасырдың дерті, – дейді Се­нат де­путаты Нұртөре Жүсіп.

Оның айтуынша, қазір дүние­жү­зін­де, соның ішінде Қазақстан­да «цифрлық аутизм» белгілері байқала бас­таған. Яғни, смартфонды ұзақ ұс­тай­тын балалар есте сақтау, көру, сөй­леу қабілетінен айырылып, өз бетінше ой­лауы, ұзақ мәтіндерді қабылдауы, ай­­­­налаға назар аударуы қиындады.

– Өйткені ата-ананың 65 пайызы ба­лаларына 3-5 жастан гаджет ұстата­ды. Оқушы балалардың 40 пайызының өз аккаунты бар. Осының салда­ры­нан ба­лалар аулаға шығып ойнамай­ды, бұған онлайн оқу қосылды. Бір сөз­бен айтқанда, қолына «смартфон ұс­тап туған» буын өмірге келді. Кибер­ма­ния сұмдық жылдамдықпен өрістеп жа­тыр. «Цифрлық тәуелділік» деген диаг­ноз халықаралық аурулар клас­си­фика­ция­сына еніп отыр. Цифрлы ау­тизм, цифрлы ақыл-ес кемдігі, фейс­бук-деп­рессия, цифрлы Альцгеймер, цифрлы теңіз ауруы ресми болмаса да тір­келді. Онлайн ойындарға тәуел­ді­лік­ті де осы қатарға жатқызуға болады, – деп дабыл қаққан еді депутат.

Осыған орай сенатор цифрлы ау­тизм­нің алдын алу үшін Үкіметке бір­не­ше ұсыныс тастаған еді. Атап айтсақ, жаңа туған нәрестелерді жаппай ре­ти­нопатия және аудиологиялық скри­нинг­тен өткізудің сапасына мән беру, ло­гопед, офтальмолог мамандық­та­ры­на бөлінетін мемлекеттік грант санын көбейту, Қазақстан мектептеріне «Ба­ба­лар сөзі» 100 томдығына кірген қа­зақ­тың жыр-дастандары мен терме­ле­рін жаттатып үйретуді енгізу және ки­бер­манияның зияны туралы Қазақ­стан мектептері мен мектепке дейінгі дайындық мекемелерінде ата-аналар ко­митеті, ата-аналармен жұмыс істей­тін түрлі қоғамдық ұйым қыз­ме­тін жүйелі түрде ұйымдас­тыру. 

– Әрине, ғылым мен техника же­тіс­тік­тері осы салада жа­тыр. Әйт­­се де, ком­­­­пьютер мен смартфонға «ба­­­­­сымен кіріп кеткен» жас ұрпақты сақтандыру ама­лы бар ма? «Касперский ла­бора­ториясы» ата-аналар бақылауы де­ген функция енгізді. Қауіпті кон­тент­терді шектейтін амалдар бар. Жа­пония мен Франция, Қытай заңнамасы не дейді? Былтыр Жапонияда интернет пен бейне ойындарды күніне бір са­ғатқа шектеу туралы шешім шыға­рыл­ған. Франция мемлекеті де бұл қауіптің ал­дын алу әрекетін жасауда. Қытайда ки­беркеңістік мәселелерін реттеу ша­ра­лары қолға алынған. Алайда тыйым салумен іс біте ме? – дейді сенатор. 

Шынымен де, цифрлы аутизм­мен қазір күреспесек, ертең бәрі кеш болуы мүмкін. Бала бүлдіршін кезінде ненің бұрыс, ненің дұрыс еке­нін өзі бақылай алмайды. Осылайша, смартфонға телмірген бала ойлаудан, қиялдаудан қалады. Ал ой-өрісі дұрыс дамымаған бала ертең қоғамға да пайдасын тигізбейтіні анық. 

– Сондықтан бұл дертпен күресудің жо­лы – балаға телефон бермеу. Ата-ана­лар да үйге келгенде телефон ұста­мауы керек. Өйткені цифрлы аутизм эпидемия сияқты тез таралады. Соңғы уақытта психологтер күй арқылы да ба­лалардың цифрлы аутизмін емдеп жатыр, – дейді психолог Лимана Қой­шиева.

Смартфоннан демалу – өнер

Ми адамның дене салмағының бар-жоғы 2 пайызын ғана құрайды. Бірақ барлық энергияның 20 пайызын жұмсайды. Балаларда бұл көр­сеткіш 40 пайызға тең. Ал ас қо­рытуға небәрі 8-15 пайыз ғана энер­гия керек. Сонда күн сайын біздің миымыз кемі 500 ккалория жұмсайды. Алайда біз көбіне жұмыс барысында наза­ры­мызды көбірек телефонға бөлеміз. Кей­де жұмыстан демалу үшін гаджет қа­рай­мыз. Бірақ ғалымдардың айтуын­ша, смартфонға қарағаннан адам де­мал­майды. Керісінше, ми смарт­фон­ға қара­ған сайын энергияны көбірек алады. Осылайша, мидың 80 пайыз жұ­мы­сы телефондағы пайдасыз ақпа­раттарға жұмсалады. Соңғы жылдары «сандық детоксикация» деген ұғым пайда болды. Яғни, адамдар цифрлық технологиялардан саналы түрде белгілі бір уақытқа бас тартады. Ағзаны зиян­ды, улы қалдықтардан құтылу үшін «детоксикация» жасалынатын болса, ми, ақыл-есті қажетсіз ақпараттардан арылту үшін де осы әдіске жүгінеді. Смарт­фоннан тәулік бойы бас алмай­тын, телефоннан бір сәтке көз жазса мазасызданатын адамдар осы тәсіл ар­қылы шынайы өмірге орала алады. Қазір тіпті адамдардың «цифрлы тәуел­ділігіне» қарсы күресетін арнайы курс­тар да пайда болған. 

Цифрлы аутизмді тек балалар бойын­­да кездеседі десек қателесеміз. Егер сіз дастарқан басында телефонға қа­рап отырып тамақ ішетін болсаңыз, үнемі әлеуметтік желідегі жаңалық­тар­дан құр қалғандай сезімде жүрсеңіз, бұл дерт сізде де бар. 

Көктем ҚАРҚЫН