Үндістанның Одиша штатында жүк пойызы жолаушылар пойызымен соқтығысып, оның сегіз вагоны рельстен шығып кетті. Бұл
туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Hindustan Times арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Үндістанда пойыз апатынан 200-ден астам адам қаза тапты
966
оқылды

Апат 2 маусым жергілікті уақыт бойынша сағат 19.20 шамасында (Астана уақыты бойынша 19.50) Баханага Базар стансасының жанында болды. Пойыз Калькутта маңындағы Шалимар стансасынан Ченнайға бара жатқан. 

Салдарынан 207 адам мерт болды, 900 адам зардап шекті.

Апат болған жерге бірнеше апаттық-құтқару пойыздары, 50 жедел жәрдем көлігі және бірнеше өрт сөндіру есептері жіберілді.  Құтқару жұмыстары жалғасуда, барлаушы иттер адамдарды іздеуге шықты.

Байланыс жолдары министрі тергеу жүргізуге бұйрық берді.