Алматы облысында "Алтын Орда" базары басшыларының бірі ұсталды деген ақпарат тарады.
"Көз тігіп отырғандар көп": "Алтын Орда” басшылығы базардағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
1,350
оқылды

Полиция мәліметінше, Қарасай аудандық ПБ кезекші бөліміне BMW маркалы көліктегі қаруланған адамдар түскен. Оның арасында "Алтын Орда" базары басшысының орынбасары болғаны анықталды.

Қазір Қылмыстық кодекстің 287-бабы ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Базар баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған күзетшілердің қару ұстауға барлық рұқсат қағазы бар. Оның үстіне, «Алтын Орда» әмбебап сауда кешенінің атқарушы директоры кеше базар маңындағы айналма жолда, бейнебақылау камералары жоқ аумақта түсініксіз жағдайда ұсталған.

Сондай-ақ көлік ішінен ақ ұнтақ заттың табылуы, белгісіз біреулердің салып жіберу мүмкіндігін айтты.

"Оған қоса, атқарушы директор бес уақыт намаздағы адам, алкогольді ішімдіктер ішпейді, темекі шекпейді. Жалпы, бұл жағдай базарға көз тігіп отырған шенділер немесе әмбебап кешеннің ескі иелерінің әрекеті ме деген күмән бар. Себебі, Үкімет басшысының "Алтын Орданы" тексеру туралы берілген тапсырмасынан соң, екі күннен кейін атқарушы директордың ұсталғаны күмәнді. Қазір «Алтын Орда» сауда-логистикалық орталығы қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Ешқандай кедергі жоқ. Бастысы тергеу әділ өтіп, қастандық жасалғаны дәлелденіп, кінәлілер жауапқа тартылады деп сенеміз", – дейді баспасөз өкілі.

фото: 5region.kz