Бұған дейін 27 мамырда екі бала Ырғыз өзенінде шомылып жүріп, суға батып кеткен.
Ақтөбеде 10 жастағы бала суға батып кетті
971
оқылды

Оқиға 2 маусым күні кешкі уақытта "Айболит" саяжайында болған. Сүңгуірлер баланы іздеп, мәйітті жарты сағатан соң, сағат 19.05-те тауып, судан шығарды.

«Оқиға орнына сүңгуірлер жіберілді. Алдын ала ақпарат бойынша,  10 жастағы бала ата-ананың қарауынсыз қалып, ойнап жүріп, құлап кеткен. Жедел құтқару жасағының қызметкерлері сағат 19.05-те 10 жастағы ер баланың денесін судан шығарды. Оның үстінде киімі болған»,  деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.