Қарағандыда төбелес болып, екі адам ауруханаға жатқызылды, оларға пышақ сұғып алған, – деп хабарлайды Zakon.kz. Бұл туралы Денис Денски есімді қолданушы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Қарағандыда төбелес болды
1,563
оқылды

"Оқырманның айтуынша, осыдан бірнеше минут бұрын Қарағандыдағы Н.Әбдіров даңғылында ұсақ-түйек сататын дүкеннің маңында белгісіз біреу үш адамға пышақ сұғып алған. Оқиғаның егжей-тегжейі белгісіз. Оқиға орнына жедел жәрдем барған. Полицияның түсініктемесін күтемін", – делінген жазбада.

Полицияның мәліметінше, 3 маусым күні сағат 19.52 шамасында 102 телефонына Ерубаев көшесінде төбелес болып жатқаны туралы ақпарат түскен.

Оқиға орнынан ауруханаға 34 және 35 жастағы екі адам жеткізілді.