Депутат Мәди Тәкиев қазақстандықтардың жалақысының күнделікті қажеттіліктерінен артылмайтынын айтты. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.
Халық жалақысының жартысын тек азық-түлікке жұмсайды – депутат
1,242
оқылды

«Қазақстандықтардың табысы төмен болғандықтан және инфляцияның салдарынан шығыстарының 50 пайызын тек азық-түлікке жұмсайды. Бұл дегеніміз азаматтардың ақша жинауы былай тұрсын, басқа қажеттіліктеріне ақшасы жетпей жатыр деген сөз. Өңірлік теңсіздік әлі де байқалады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде 2022 жылы 94 мың отбасы кедейлік шегінен шығарылды», –  деді мәжілісмен.

Тәкиев бұл айда аталған көрсеткіш өзгеріссіз қалғанын атап өтті.

«Мәселен, табысы ең төменгі халықтың деңгейінде 5,2 пайыз тұр. Бұл 1 млн адам дегенді білдіреді», –  деді депутат.