SCAT әуекомпаниясының үстінен әкімшілік іс қозғалды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мүгедек баланы ұшақтан шығарып жіберген - SCAT жауапқа тартылды
1,646
оқылды

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті осы жылдың 27 мамырында Қостанай-Анталья бағытындағы VSV-5280 рейсінен жолаушыларды түсіргені үшін үшін SCAT әуекомпаниясына қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 571-бабымен әкімшілік іс қозғады. Жолаушылардың барлық санатына, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету барысында әдеп нормаларын сақтау Қазақстан әуекомпанияларының басымдығы болуы тиістігін атап өтеміз. Бұл талаптарды бұзуға жол беруге болмайды әрі орынсыз», – деп атап өтті Азаматтық авиация комитетінен.

SCAT әуекомпаниясының мәліметінше, жолаушыларға келтірілген шығын өтелген және олар таяу уақытта туристік жолдамаға сәйкес Антальяға ұшуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар әуекомпаниясының әкімшілік құқықбұзушылыққа жол берген қызметкерлеріне қатысты тәртіптік сипаттағы іс-шара қолданылатын болады.

«Дегенмен SCAT  әуекомпаниясы құқықбұзушылыққа жол бергені үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады», – делінген ведомство мәліметінде.