Отандасымыздың жағдайы ауыр, қазір комада жатыр. Жергілікті биліктердің ескертуіне және тыйым салуына қарамастан ол теңізге түсіп, көп су жұтып қойды. Соңғы күндері Пхукетте қатты толқындар көтеріліп, жағалауға қызыл жалаулар шығарылған.
Таиландта суға батып кете жаздаған Қазақстан азаматы әлі комада жатыр - СІМ
1,698
оқылды

Біздің азаматтың денесін судан шығарғаннан кейін құтқарушылар оған жасанды тыныс жасап, дәрігерлерге тапсырды. Қазір ол жансақтау бөлімінде ем алуда.

Отандасымызды Таиландтан Қазақстанға санавиация ұшағымен тасымалдау үшін қазақстандық дәрігерлер консилиумының қорытындысы қажет. Ол тай дәрігерлерінің медициналық шешімі негізінде жасалады.

Қазір консул бұл мәселемен айналысып жатыр. Құтқарылған жігіттің ата-анасы Пхукетке ұшып келіп, дипломаттармен бірге дәрігерлермен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Таиландта демалып жатқан ҚР азаматтарын жергілікті билік органдарының ережелері мен талаптарын сақтауға шақырамыз және метеорологиялық шектеулер кезінде теңізге түспеуді ескертеміз. Өкінішке қарай, бұл – соңғы аптада Таиландта отандастарымызбен болған екінші оқиға.