Жамбасына салған екпеден кейін мүгедек болып қалған келіншек ота жасатамын деп барып екінші рет дәрігерлердің қателігіне тағы тап болады. Ақ халаттылар емханадан отаның орны тігілмей, жілік сүйегі көрінген күйде кеткен келіншекке "Бәрі дұрыс. Ешқайда шағымданба" деп бопсалаған көрінеді.
Екпе салдырамын деп мүгедек болып қалған әйел жағдайдың қалай болғанын айтты
17,992
оқылды

Koremiz бағдарламасының айтуынша, әйелдің дерті жергілікті дәріхана қызметкерінің жамбасына салған екпесінен соң басталған. Алғашында тек мазаны алған ауру кейіннен мүлде жүргізбей тастапты, –  деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.

Екі баланың анасы Ләйла Базарбаева денсаулығына бұрын-соңды ешқашан шағымданбаған. Тек үш жыл бұрын шалдыққан талма ауруы арагідік мазалап тұрған екен. Алайда 8 ақпан күні келіншектің өмірі күрт өзгереді. 

"10-ы күні жұмысқа бардым. Аяғым жансызданып қалды. Жүре алмай қалдым",  – дейді ол.

Ем-шара бөлмесінен жұққан сырқаттан соң Ләйлаға бірнеше рет ота жасалған. Дәрігерлер науқастың жамбасын соғымның етін жаймалағандай кескілепті. Сұмдығы отаның орны тігілмей ашық қалыпты. Жілік сүйегі көрінген күйде келіншекті үйге қайтарып жіберіпті. Ол аздай "Бәрі жақсы. Ешқайда шағымданба" деп қоқан-лоқы жасаған көрінеді. 

"Сен жақсымын деп айт. Үйіңдегілер ешқайда айтпасын деп жатыр. Сонда біз не үшін шықпауымыз керек? Көз алдымда гүлдей болған сіңлім солып жатыр", – дейді Ләйланың әпкесі Ләззат Базарбаева.

Жақындарының мазасын қашырған жарақат жығылғанға жұдырық болғандай. Себебі Ләйланың денесіндегі жара сыздап, жаны қиналғанда есін жоғалтып, тілін жұтып қоя жаздап, талып жатады екен. 

Ләйла мен оның жақындары дертінің емін қайдан табарын іздеп,  телебағдарламадан көмек сұрап келген.