Референдум – қоғамдық бірігудің жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетті.
Ерлан Қарин: Алдымызда аудан мен қала әкімдерін сайлау тұр
1,450
оқылды

Бір жыл бұрын қазақстандықтардың басым бөлігі, яғни азаматтардың 77,18 пайызы республикалық референдумда ел Конституциясын өзгерту туралы заң жобасын жақтап дауыс берді. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram арнасында жазды. 

Ерлан Қариннің айтуынша, Конституцияға енгізілген түзетулер Президент, Парламент және сот институттарын реформалауды көздеді. 

Осылайша, Мемлекет басшысының 2022 жылдың 16 наурызында жарияланған Жолдауында айтылған ауқымды саяси жаңғыру бағдарламасы Конституциялық тұрғыдан бекіді. 

Бұл референдум Қазақстан қоғамы үшін маңызды оқиға болды. Өйткені біз ел дамуындағы жаңа кезеңге қадам бастық. 

Ең бастысы, референдум – қоғамдық бірігудің жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетті. Біз оны Президент және Парламент сайлауларында анық байқадық. 

Жалпы, елімізде өте қысқа мерзімде жүзеге асырылған түбегейлі саяси реформалар аймақтағы бірегей құбылысқа айналды. Қазақстан жаңа күн тәртібін белгілеп берді. 

Конституциялық реформа мен соңғы сайлау циклі жаңа саяси жүйенің келбетін қалыптастырды. Президенттің саяси жаңғыру бағдарламасын іске асыру жалғаса береді. Алдымызда аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы тұр.

Фото: baq.kz