Оқушы марқұм әкесіне мақтау грамотасын көрсетіп, сөйлесіп отырғаны көрсетілген.
«Мен үздік оқушымын»: әкесінің қабірінің басына келген оқушы көпшіліктің көзіне жас үйірді
3,821
оқылды

Әлеуметтік желіде әкесінің зиратына келіп, өзінің үздік оқушы екенін айтқан оқушы көпшіліктің көзіне жас үйірді.

Оқушы марқұм әкесіне мақтау грамотасын көрсетіп, сөйлесіп отырғаны көрсетілген.

«Папа, ассалаумағалейкум. Мынаны қарашы сабақты беске бітірдім. Енді 3 сыныпқа барамын», – дейді бала.

«Көз жасыма ие бола алмадым». «Не деген ақылды бала, бәрін жылатты, әкесін сағынған екен, иманды болсын, жолың ашық болсын», «Құтты болсын балақай, осылай өзің алға жүре бер, Папаң иманды болсын», «Аруағы қолдап жүрсін» деп жазды желі қолданушылары.