2019 жылы дүниеге келген сәби үлкендердің қарауынсыз қалып қойған.
Қызылорда облысында 4 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті: жағдайы ауыр
1,266
оқылды

Қызылорда облысында көпқабатты үйдің терезесінен төрт жасар қыз құлап кетті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін, 5 маусымда сағат 13:14-те Жаңақорған ауданына қарасты Шалқия кентіндегі бес қабатты үйдің екінші қабатынан төрт жастағы қыздың құлағаны туралы хабарлама түскен.

«2019 жылы дүниеге келген сәби үлкендердің қарауынсыз қалып қойған. Сәби балалар ауруханасына жатқызылды. Жағдайы ауыр», – деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.