Синоптиктер маусым айында құрғақшылық болатынын айтты.
Синоптиктер маусым айында құрғақшылық болатын өңірлерді атады
12,035
оқылды

«Қазгидрометтің» болжамы бойынша, маусым айында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ылғалдылық негізінен нормаға жақын болуы ықтимал.

Сонымен бірге  республиканың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, сондай-ақ солтүстікте және орталықтағы аудандарда құрғақшылық болады. 

Атап айтқанда:

  • Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз және Хромтау аудандарында;
  • Қостанай облысының Амангелді және Жаңғылда аудандарында;
  • Қызылорда облысы Қармақшы ауданында;
  • Ақмола облысы Жақсы ауданында;
  • Қарағанды облысы Шет ауданында құрғақшылық болады.

 

Бұған дейін ауа райы құбылмалы болатынын хабарлаған болатынбыз.