YouTube жобалар да қатыса алады.
«AMANAT медиа сыйлығы – 2023» байқауына қатысуға өтінім қабылдау жалғасуда
1,046
оқылды

«AMANAT медиа сыйлығы – 2023» журналистер арасындағы республикалық байқауға қатысуға өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр. Өтінімдер 19 маусымға дейін қабылданады.

«AMANAT» партиясы ұйымдастырып отырған осы ашық конкурс аясында үздік материал авторлары 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталады. Бүгінде 100-ден астам өтінім келіп түсті. Оның 60%-ын өңірлік БАҚ өкілдері жолдады. Өтінім қабылдау уақыты 22 мамырдан 19 маусымға дейін жалғасады. Жеңімпаздар 26 маусымда марапатталады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, журналистер өз жұмысын түрлі тақырыпта ұсына алады. Оның ішінде: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалар; аймақ тынысы; рухани және мәдени даму және тағы басқа.

Еске сала кетейік, YouTube жобалар да байқауға қатысуға өтінім бере алады.

Былтыр қазылар алқасына келіп түскен жұмыстардың 70%-дан астамын өңірлік БАҚ өкілдері жолдағанын атап өткен жөн. Оның ішінде аудандық басылымдар да болды.

Байқаудың ережесі мында.