«Балдәурен» оркестрі «Халық аспаптары» номинациясында бас жүлдені жеңіп алды.
«Балдәурен» оркестрі Ташкентте тағы бір белесті бағындырып келді
1,307
оқылды

Аты аңызға айналған әнші, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық Қаһарманы  Роза Бағланова атындағы Астана қаласы Білім басқармасына қарасты №2 Балалар музыка мектебінің оқушыларынан құрылған «Балдәурен» оркестрі Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында өткен Tashkent Summer Festival 2023 халықаралық байқау-фестиваліне қатысып, «Халық аспаптары» номинациясында бас жүлдені жеңіп алды. 

– Ташкент қаласында өткен Халықаралық мәдени байланыстарды нығайту және шығармашылық ынтымақтастықты дамыту мақсатында өткен Tashkent Summer Festival халықаралық байқау-фестивалінде оркестріміздің  өнер көрсеткені үлкен абырой, – дейді «Балдәурен» оркестрінің жетекшісі Стамғазы Архат.

Оркестр Астана қаласындағы көпшілік шараларға қатысып, республикалық, қалалық, облыстық байқауларда жүлделі орындарды алып жүр. 

– Талантты жастардың басын қосып, ұлттық өнеріміздің дамуына қолдау көрсеткен №2 Балалар музыка мектебінің директоры Ли Владислав Владимировичқа рақмет айтамыз, – дейді талантты өрендер.