Бүгін Павлодар облысында ауа температурасы 39 градусқа жеткен.
Павлодарда бір күнде 20 адам аптап ыстықтан қоғамдық орындарда есінен танып қалды
1,391
оқылды

Павлодарда бір тәулікте 20 адам аптап ыстықтан қоғамдық орындарда есінен танып қалды, – деп хабарлайды облыстық  Денсаулық  сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 

«103» қызметіне гипертониялық науқастар мен облыс тұрғындарының басқа да созылмалы аурулары бар тұрғындардан түскен қоңыраулар саны да артқан.

«Жедел жәрдем шақыруларының көбеюі тіркеліп жатыр. Егер қатты аптап ыстық басталғанға дейін бізге күніне 630-дан 650-ге дейін шақырту түссе, қазір 710-720 шақырту», – деп хабарлады басқарма өкілдері.

Күндізгі уақытта бір ғана қоғамдық орындарда 20-дан адам ыстықтан есінен танып қалды. Денсаулық сақтау қызметкерлері тұрғындардан еш себепсіз далаға шықпауды сұрайды.

Облыстық Төтенше  жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін Павлодар облысында ауа температурасы 39 градусқа жеткен.

«Облыс орталығында ауа температурасының айтарлықтай көтерілуіне байланысты жасыл алқаптарды суару жұмыстары күшейтілді», – деп хабарлады ТЖД.